09 қар, 2020 сағат 19:23

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 10 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 25 метрге жетеді. 

Петропавлда көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. 

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына кей жерлерде 15-20 метрге жетеді. 

Қостанайда батыстан секундына 15-20 жылдамдықпен жел соғады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. 

Өскеменде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады. 

Семейде оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. 

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік - батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан, кей жерлерде 16 м/с жылдамдықпен жел соғады.