16 сәу, 2020 сағат 17:07

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне қарағанда, 17 сәуірде Ақмола облысында оңтүстіктен жел соғып, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с-қа жетеді. 

Көкшетауда оңтүстіктен жел соғып, таңертең және күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90 %.

Ақтөбе облысында 17 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Ал Ақтобе қаласында осы күні күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстіктен соққан желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Ал Қостанай қаласында оңтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%. 

Атырау облысында17 сәуір күні күндіз кей жерлерде шаңды дауыл көтеріліп, батыс,оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22 метр болады. Ал Атырау қаласында күндіз батысоңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді деген боджам бар. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%.