#
#
Сейсенбі 24/11/2020

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустриядағы Линц турниріне қатысады

  • 23.10.2020
  • 0
  • 155

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Аустриядағы Линц WTA турниріне қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жарыстың Твиттердегі парақшасында оған қатысушылардың тізімі жарияланды.

Олардың ішінде Е.Рыбакинамен қатар Беларусь өкілі Арина Соболенко, чехиялық Маркета Вондроушова, бельгиялық Элисе Мертенс, эстониялық Анетт Контавейт, америкалық Дженнифер Брэйди, украиналық Даяна Ястремская, ресейлік Екатерина Александрова және басқа теннисшілер бар.

Биыл аталмыш дода 11-18 қазан аралығында өтуі тиіс еді. Әйтсе де коронавирус індетіне байланысты 7-15 қарашаға қалдырылды. 

Өткен жылы финалда латвиялық Елена Остапенконы 6:3, 1:6, 6:2 есебімен жеңген америкалық Кори Гауфф чемпион атанған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Чехиядағы турнирде ұтылып қалғанын, Дмитрий Попконың Ыстанбұл додасының ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Бүгін Д.Попко Беларусь теннисшісі Илья Ивашкодан 4:6, 0:6 есебімен ұтылып, жартылай финалға шыға алмай қалды. 

Сол секілді қазақстандықтар Гөзал Айнитдинова мен Жібек Құламбаева жұптық сында Мысырдың Шарм әл-Шейх қаласында ITF турнирінде біршама сәтті өнер көрсетті. Тіпті жарыстың 1-ракеткалары, ресейліктер Анастасия Гасанова мен Анна Моргинаны 6:0, 6:0 есебімен ойсырата ұтып, жартылай финалға шықты. Алайда бүгін ресейліктер Вероника Пепеляева мен Анастасия Тихоновамен тартысты матчта 6:3, 3:6, 8:10 есебімен жол беріп, финалдық бәсекеден тыс қалды. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР