Фото: elements.envato.com
Синоптиктер Қазақстанда 13-15 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар мәліметінше, елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. 14 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр және бұршақ жауып, оңтүстігінде, сондай-ақ оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.
"Солтүстік және шығыс аймақтарда температура климаттық бағытына оралды. Тіпті, ауа температурасының түнде +5+15°C дейін, күндіз +17+25 дейін төмендеуі күтіліп отыр.
13-14 маусымда батыс аймақта күндіз ауа температурасы +40+41°C дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.