11 жел, 2019 сағат 09:54

Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

Синоптиктер 12-14 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атлантикадан жылы ауа массаларын алып келген батыс ағыны солтүстік-батысқа ауысып жатыр. Сондықтан Баренц теңізінен келетін арктикалық суық ауаның әсерінен республиканың көптеген облыстарында күн суытады.

Сондай-ақ қар, кей жерлерде қалың қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік облыстарда бұрқасын көтеріліп, солтүстік-батыстан екпінді жел еседі.

Сондықтан орташа көпжылдық ауа температурадан 4…10°С-қа жоғары аномальды жоғары ауа райы желтоқсан айына тән температураға ауысады.