15 там, 2020 сағат 18:06

Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 16 тамызда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қостанай облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл болады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының күндізкей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндізкүші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертен кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. 

16-18 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20, күндіз 16 тамызда екпіні 23 м/с күтіледі. 

Нұр-Сұлтан қаласында да найзағай күтіледі. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік –батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

16 тамызда түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найғазай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 

Алматы облысында күндіз қатты ыстық болып, сынап бағанасы 35-36 градусқа көтеріледі.