Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру 1 шілдеден бастап қарастырылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
«Әзербайжандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Әзербайжан тарапы халықаралық рейстерге тыйым салуды 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартты.
Осыған байланысты Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тікелей әуе рейстерінің жандануы аталған күннен кейін қарастырылатын болады», делінген хабарламада.