27 қаз, 2020 сағат 15:15

Қазақстанның әуежайларында ПТР тест өткізетін пункт неге ашылмайды – Сәдуақасовтың жауабы

ПТР тест анықтамасы жоқ шетел азаматтарының ВАК шешімі бойынша Қазақстанға кіре алмай, депортацияланатыны белгілі. Ал ендеше неліктен Қазақстанның әуежайларында ПТР тест өткізетін пункттер ашылмайды? Бұл сұраққа Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер Қазақстанға ұшып келген шетел азаматынан коронавирус анықталған жағдайда: біріншіден шетелдік 6-8 сағат бола алатындай әуежайда арнайы орын жоқ. Тиісінше ол Қазақстан арқылы басқа мемлекетке ұшуды ойлауы мүмкін. Ал егер одан Қазақстанға ұшып келген уақытта коронавирус анықталса оны міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек. Тиісінше мұның арты көп сұрақты туындатып жібереді. Одан да шетел азаматына ПТР тестінің теріс нәтижесімен келіп, осындағы барлық мәселесін шешіп, қайта ұшып кеткені абзал», - деді Сәдуақас Байғабылов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Еске сала кетсек бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ведомствоаралық комиссияның әуе компанияларына ПТР тесті нәтижесі туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешімін түсіндірген болатын.

Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты. Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар. Мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатын болады.

ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.