12 қаң, 2021 сағат 19:00

Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 м/с.

Қарағанды қаласында түнде бұрқасын болады. Батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа қарай ойысып, түнде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасындатып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. 

Көкшетауда түнде жаяу бұрқасын болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

13 қаңтар күні түнде Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістанда түнде және таңертең солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 м/с болады, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан асады. 

Таразда оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с-ке жетеді, екпіні 23-28 м/с.