25 там, 2020 сағат 13:48

Қазақстаннан Египетке әуе рейстері 12 қыркүйектен бастап қайта жалғасады

Египетке әуе рейстері 12 қыркүйектен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің баспасөз қызметі, халықаралық рейстерді қайта ашу туралы мәліметті жариялады. 

Ведомствоаралық комиссияның 11 тамыздағы шешіміне сәйкес 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық ұшуларды кезең-кезеңімен қалпына келтірді. 

Атап айтар болсақ:

- БАӘ (11 рейс) 17 тамыздан бастап Алматы - Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан - Дубай (5 рейс) бағыттары бойынша;

- Германия (5 рейс) 18 тамыздан Нұр-Сұлтан - Франкфурт (5 рейс);

- Беларусь (4 рейс) 19 тамыздан Алматы - Минск (2 рейс) және Нұр-Сұлтан - Минск (2 рейс) бағыттары бойынша;

- Украина (3 рейс) 19 тамыздан Алматы - Киев (3 рейс).

Египетке рейстер 12 қыркүйектен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады деп жоспарланып отыр. 

27 тамыздан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеу алынады.

«Рейстер Көліктегі Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында орындалады. Еліміздің барлық әуежайларда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар күшейтілді, қолды санитарлық тазарту қондырғылары орнатылды, карантин шаралары сақталуда (маскалар мен қолғаптарды міндетті түрде кию)», делінген хабарламада.