Қазақстанға зиянды шығарындыларды төмендету үшін алдағы 10 жылдың ішінде 273 млрд доллар қажет. Бұл туралы «Қазақстан-Украина» бірінші климаттық диалог барысында Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы тұрақты даму секторының жетекшісі Джейн Эбингер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан мен Украина жасыл даму бағытында өте ауқымды мақсаттарды алға қойып отыр. Дегенмен, бұл мақсаттарға қол жеткізу және сол жолдағы трансформация жеңіл бола қоймайтындығы анық. Көмірсутекке бейтарап мақсатқа қол жеткізу, әсіресе энергетика секторында айтарлықтай күш-қуатты ерекше қажет етеді. Бұл Қазақстанға энергия қамтылымы жолында өзгерістерді талап етеді және шығарындыларды төмендетуге қатысты нәтижеге қол жеткізудегі саясатта нақты өзгерістерді қамтиды. Жалпы, Қазақстанда ілеспе газ шығарындысының 80 пайыздан астамы жанар-жағармайды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау және жағуға байланысты», - деді ол.
Сарапшының атап өтуінше, Қазақстан 2030 жылға қарай ілеспе газ шығарындысын 1995 жылғы деңгеймен салыстырғанда 30 пайызға қысартуды жоспарлап отыр. Бұл ретте шығарындыларды басқарудың ұлттық жүйесі ілеспе газдың жалпы шығарындысының тек 40 пайызын ғана бақылай алады.
«Шығарындыны басқару жүйесінде, зиянды қалдықтарды басқаруда қатаң шектеулер керек. Ал жаңартылмалы энергия көздері саласында жаңа әдістер 2021-2030 жылдары кезеңінде көмірсутексіздендіру іс-шараларына бағытталатын шамамен 273 млрд доллар инвестиция қажет. Әрине, бұл мақсаттарға қол жеткізу іс-шараларын енгізу барысында кезең-кезеңімен институтционалды әдістер талап етілетін болады», - деді Джейн Эбингер.
