29 қаз, 2020 сағат 07:56

Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың 98 пайызында ПТР-тест анықтамасы болды – Байғабылов

Көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов 29 қазан күні түнде 10 халықаралық әуе рейсімен елге 1072 жолаушы ұшып келгенін мәлім етті. Олардың 1047-де ПТР-тест анықтамасы болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нұр-Сұлтандағы 4 рейс бойынша 426 жолаушының 418-де, Алматыдағы 4 рейс бойынша 536 жолаушының 522-де, Қарағандыдағы 1 рейс бойынша 16 жолаушының бәрінде, Шымкентке ұшып келген 94 жолаушының (1 рейс) 91-де ПТР-тест анықтамасы бар болып шықты», - деп хабарлайды Сәдуақас Байғабылов.

ПТР-тест анықтамасы жоқ азаматтар Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларындағы карантиндік стационарға жатқызылған. Жолаушылар халықаралық әуе рейстерімен Түркия, Ресей, БАӘ елдерінен келген.

Сонымен қатар Сәдуақас Байғабылов Түркиядан келген Тәжікстан азаматы ПТР-тест анықтамасы болмағандықтан Алматы әуежайынан депортацияланғанын жеткізді.