25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Аустрия, Мысыр, Түркия, БАӘ, ҚХР, Грузия, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2 285 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 079 адам, анықтамасыз 206 ҚР азаматтары келді», - делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметінде.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 114 жолаушы, анықтамамен - 1 020, анықтамасыз - 94;
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 978 жолаушы, анықтамамен - 866, анықтамасыз - 112;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 153 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 40 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп жатыр.
«2020 жылдың 24 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 330 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті», - делінген хабарламада.