25 қыр, 2020 сағат 13:07

Қазақстанға келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ – министрлік

Қазақстанға келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ. Мұндай мәліметті Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Министрлік қазіргі уақытта Қазақстанға көліктің әртүрлі түрімен келіп жатқан жолаушылар бойынша жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қазір Қазақстанға жолаушылар екі жолмен – автокөлікпен немесе ұшақпен келеді. 24 қыркүйекте біздің елге ұшақпен 2 127 адам келді. Оның 2008-і – әуе жолаушылары болса, 119-ы экипаж мүшелері», - деді Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Министрліктің ресми өкілінің айтуынша, келген жолаушылардың бәрі де тепловизордан өткен. 

«Аталған жолаушылардың ішінде 479 адамда ПТР-тест анықтамасы болды. Ешкім де ауруханаға жатқызылған жоқ. Себебі олардың ешбірінен коронавирус инфекциясы анықталмады», - деді ол.