21 мам, 2021 сағат 16:58

Қазақстандықтардың Ресей аумағына кіру тәртібіне өзгеріс енгізілді


Ресей қазақстандықтарға РФ азаматтығы бар туыстарына құрлық арқылы келуге рұқсат берді. Бұл туралы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігі хабарлады.

Ресей Федерациясы Үкіметінің 18.05.2021 жылғы №1291-р өкіміне сәйкес, қазақстандықтардың Ресейге келуі үшін Ресей азаматтығы бар жақын туыстарының тізімі кеңейтілді. 

Енді Қазақстан азаматтары туыстық қатынасын растайтын құжаттары болса, өзінің РФ азаматтығы бар жұбайларына, ата-аналарына, балаларына ғана емес, сонымен бірге туған ағалары, әпкелері, әжелері, аталары, немерелеріне де құрлық арқылы келе алады.