08 қыр, 2017 сағат 09:24

Қазақстандықтар жарты жылдың ішінде риелтор қызметіне 390 млрд теңге төлеген

Қазақстандықтар жарты жылдың ішінде риелторлық қызметке 390 миллиард теңге төлеген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 8% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір айдың ішінде 19,5 мың жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу мәмілесі жасалған - бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 26%-ке артқан. I жартыжылдықта жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтер көлемі 390,35 млрд. теңгеге жеткен - бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ке көп.

Риелторлық қызметтің 40%-ы Алматыда (154,82 млрд тг, бір жылдың ішінде +10,5%), тағы 20,8%-ы - Астанада (81,11 млрд тг, +10,4%) жүргізілген.

Облыстар арасында Қарағандыда риелторлық қызмет жоғары сұранысқа ие - ол 21 млрд теңгені құрайды. Алайда, бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 21%-ке аз.