29 там, 2016 сағат 07:39

Қазақстандықтар Құрбан айт мейрамында үш күн демалады

"Қазақстандықтар Құрбан айт мейрамында қатарынан үш күн демалады", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Биыл Құрбан айт мейрамы дүйсенбіге түсіп тұр. Заңнамаға сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып саналады. Осылайша қазақстандықтар 10, 11 және 12 қыркүйек күндері демалады.

Құрбан айт - құрбандық шалу мейрамы. Бұл күні мұсылман қауым Құрбан айтта оқылатын намазды оқып, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіріп, бірі-бірінің үйлеріне қонаққа барады.