25 қаң, 2021 сағат 13:05

Қазақстандықтар бір аптада 1 152 техниканы утилизацияға тапсырды

Қазақстанда 11 қаңтардан бастап утилизацияға ескі көліктер қайта қабылдана бастаған болатын. Алғашқы аптаның өзінде қабылдау бекеттеріне 1 152 техника жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«18-23 қаңтар аралығында қабылдау бекеттері 1 152 техниканы жоюға қабылдады. Атап айтқанда 856 жеңіл автокөлік, 289 жолаушы және жүк көлігі, сондай-ақ 7 ауылшарушылық техникасы тапсырылды. Көлік тапсырған азаматтарға 322,8 млн теңге қаражат төленді», - деп ақпарат таратты ӨКМ операторының баспасөз қызметінен. 

Еске сала кетсек бұған дейін ӨКМ операторы 18 қаңтардан бастап ескірген ауыл шаруашылығы техникалары утилизауцияға қабылданатынын жария еткен. 8 қаңтардан бастап Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған, Шымкент қалаларында, 1 ақпаннан бастап Павлодар, Алматы және Тараз қалаларында ескі техникаларды өткізуге болады.