05 қаң, 2021 сағат 16:08

Қазақстандықтар биометрия көмегімен 20 күнде 77,5 мың цирфлық қолтаңба алды

Электронды үкімет порталында қазақстандықтар енді биометриялық параметрлер арқылы тіркеле алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«eGovMobile қосымшасынан биометриялық параметрлер арқылы ЭЦҚ алу мүмкіндігі 2020 жылдың 15 желтоқсанынан бастап мүмкін болды. Осы уақытқа дейін 77,5 мың ЭЦҚ берілген. Ал Электронды үкімет порталы арқылы былтыр 26 наурыздан бастап қашықтан биометрия арқылы немесе ХҚО операторларына қоңырау шалу арқылы ЭЦҚ алу мүмкін болды. Содан бері онлайн түрде 2,8 млн ЭЦҚ берілді», - деді «Ұлттық ақпараттар технологиясы» АҚ-дан.

Айта кетейік, Электронды үкімет порталының Мобильді азаматтар базасында тіркелу және ЭЦҚ алу үшін eGovMobile қосымшасында биометриялық идентификациядан өту жеткілікті. Ол үшін смартфонның камерасы қажет. 

«Қазақстандықтар eGovMobile қосымшасында ЭЦҚ алатын кезде бірден 3 қызмет алады. Биометриялық индентификация қолданушы eGov.kz порталында тіркелген тіркелмегенін анықтауға мүмкіндік береді. Қажеттілік болған жағдайда оны азаматтардың өзі тексере алады», - деді АҚ мамандары.

Ол үшін eGovMobile қосымшасының жаңа нұсқасын көшіру шарт. Сосын Digital ID бөлімінде тіркеуден өтіп, биометриялық индентификациядан өтеді. 

Кейін жеке құжаттың мәліметтері мен телефон нөмірін алуға рұқсат беріледі. Содан кейін электронды поштаны көрсетіп, ЭЦҚ-ның құпия сөзін ойластырады.