11 жел, 2019 сағат 10:17

Қазақстандық ЖОО Өзбекстанның мектеп түлектеріне грант бөлді

Қазақ мемлекеттік заң университеті Өзбекстанның орта мектепті бітірген 10 түлегіне грант бөледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" аталған ЖОО-ға сілтеме жасап.

«ҚазМЗУ басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев Қазақ мемлекеттік заң университетінде Өзбекстанның орта мектеп түлектеріне білім алуға және жатын орынға 10 гранттың бөлінетіндігін жария етті. Ол бұл жайында Scopus Award 2019 сыйлығын табыстау шарасы аясында Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары А.Абдухакимов пен Өзбекстанның Халыққа білім беру министрі Ш.Шерматовпен кездесуінде айтты», - деп атап өтеді университеттен.

Талғат Нәрікбаев Ташкентке сапары аясында Өзбекстан Әділет министрінің орынбасары – Ташкент мемлекеттік заң университетінің ректоры Рахим Хакимовпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Орталық Азия Мемлекет басшыларының Консультативтік кездесуінде Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарында білім алу құқығын бере отырып, өңірдегі әр мемлекетке 10 грантттан бөлуді ұсынған еді.