17 там, 2020 сағат 12:24

Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орны қандай?

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) алғаш рет наурыз айынан бастап жалғыз және жұптық разрядтар рейтингілерінің соңғы нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Әлемнің алғашқы ракеткасы атағын аустралиялық Эшли Барти сақтап қалды. Одан кейінгі орында румыниялық Симона Халеп және чех спортшысы Каролина Плишкова тұр. 

Қазақстанның ең мықты теннисшісі Елена Рыбакина бұрынғысынша 17-ші орында, Юлия Путинцева - 33-ші орында, Зарина Дияс екі сатыға төмендеп, 66-шы орында тұр. 

Жұптық сында Қазақстан өкілі Галина Воскобоева 61-орыннан 62-орынға, Анна Данилина — 126-орынға (-1), Путинцева — 171-орынға (-1) сырғыды.