Қазақстандық теннисшілердің рейтингтегі жаңа орны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жария еткен рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 18-ден 19-сатыға сырғыды.
Бұл 19 жастағы Польша өкілі Ига Швентектің Ролан Гаррос турнирінде тамаша өнер көрсетіп, жеңімпаз атануына байланысты болып отыр. Ол бірден 36 орынға жоғары көтеріліп, әлемнің 17-ракеткасы атанды.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 27-орнын сақтап қалса, Зарина Дияс 77-ден 79-ға төмендеді.
Көш басындағы үздік үштік (аустралиялық Эшли Барти, румыниялық Симона Халеп, жапониялық Наоми Осака) өзгеріссіз қалды.
Жұптық сында Галина Воскобоева 69-дан 70-ке, Анна Данилина 131-ден 134-ке, Ю.Путинцева 180-нен 182-ге жылжыды.
Ерлер арасында кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған рейтингте Қазақстаннан бірінші болып келе жатқан Александр Бублик 49-дан 52-ге сырғыды. Михаил Кукушкин 88-орнын сақтап қалса, Дмитрий Попко 171-ден 178-ге төмендеді.
Рейтингте бұрынғыша сербиялық Новак Джокович, испаниялық Рафаэль Надаль, аустриялық Доминик Тим алда келеді.
Жұптық сында М.Кукушкин 74-тен 75-ке, Андрей Голубев 84-тен 86-ға, А.Бублик 106-дан 108-ге сырғыса, Александр Недовесов 132-ден 136-ға көтерілді.
Қазақстандықтар алдағы жарыстарда сәтті өнер көрсетсе, рейтингтегі орнын жақсарта алады. Бүгін А.Бублик Санкт-Петербург додасында рейтингте 221-орында тұрған америкалық Маккензи Макдональдпен кортқа шығады. Ал М.Кукушкин ертең әлемнің 41-ракеткасы, сербиялық Миомир Кецмановичпен ойнайды.