23 қар, 2020 сағат 11:45

Қазақстандық теннисшілер жаңа рейтингте позициясын жақсартты

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өзінің 50-орнын сақтап қалды. 

Сонымен қатар Михаил Кукушкин (89) мен Дмитрий Попконың (172) орындары да өзгерген жоқ.

Жекелей сында бұрынғыша сербиялық Новак Джокович, испаниялық Рафаэль Надаль, аустриялық Доминик Тим үздік үштікте келеді.

Жұптық сын бойынша рейтингіде Михаил Кукушкин 76-орында қалса, Андрей Голубев бірден 91-ден 88-ге жоғарылады. А.Бублик 89-дан 90-ға сырғыды. Есесіне Александр Недовесов бірден 11 сатыға көтерілді, ол қазір 130-орында.