АҚШ-тың Кэри қаласында өтіп жатқан теннистен ATP Challenger аясындағы турнирде жұптық кездесулер басталды, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.
Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев бірінші кездесуде Трит Хьюи (Филиппин)/Роберт Галлоуэй (АҚШ) жұбынан басым түсті. Кездесу 1: 6, 6: 4, 7:10 есебімен аяқталды.
Келесі кезеңде отандық теннисшілер Денис Новиков (АҚШ)/Теймураз Габашвили (Ресей) жұбына қарсы шығады. Польшалық Питер Поланскимен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық Дмитрий Попко да жеңіске жетті. Олар Роберто Сид Суберви (Доминикан Республикасы)/Даниэль Элаи Галан (Колумбия) жұбын сүріндірді.