26 там, 2020 сағат 20:48

Қазақстандық спортшылар Ресейдегі жарыстарға қатыса алады – елшілік

Қазақстандық спортшылар Ресейде өтетін жарыстарға бара алады. РФ үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин тиісті өкімге қол қойды.

"Құжатқа сәйкес, шетелдік (соның ішінде қазақстандық) спортшылар, жаттықтырушылар және дене шынықтыру саласының мамандары Ресейге келу мүмкіндігіне қайта ие болды", - деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі.

2020 жылдың наурызынан бастап коронавирустың таралуына байланысты шетелдік спортшылар Ресейге кіре алмады.

Мамыр айында ресейлік ұйымдармен еңбек шартын жасасқандар үшін шектеулер алынып тасталды.  

Енді Ресейге кіру үшін төлқұжаттан басқа, елдің спорт министрлігі федеральды қауіпсіздік қызметіне, ішкі істер министрлігіне және Росавиацияға жолдаған, Ресей аумағында өткізілетін жарыстарға қатысатынын растайтын құжат, атап айтқанда – тізімге енгізу (Ресей Федерациясының шекарасынан өтетін бекет пен келу күні көрсетіледі) қажет.