Херенвенде өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық конькиші Надежда Морозова жеке рекордын орнатты, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.
3000 метрге жүгіруден «В» тобында сынға түскен ол үшінші орын иеленді. Надежда Морозова аталған қашықтықты 4 минут 07:602 секундта жүгіріп өткен. Осылайша, ол өзінің маусымдағы үздік нәтижесін тіркеп, келесі әлем кубогі кезеңінде «А» тобында сынға түсу мүмкіндігін алды.
Сондай-ақ, «В» тобында 5000 метрге жарысқан ерлер арасында Виталий Щиголев 10-шы, Дмитрий Морозов 16-шы, Бақдәулет Сағатов 19-шы орын иеленді.