Қазақстандық музыкант Бағжан Октябрь Ыстамбұл орталығында Абай Құнанбаевтың "Көзімнің қарасы" атты туындысын орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ол видеоны ұлы композитор, ақын, ағартушы Абай Құнанбаев күніне орай жариялаған.
Музыкант пандемияға байланысты талаптарды сақтау үшін видеоны таңғы сағат 7.30-да түсірген. Видео түсірілген Көк мешіт (Сұлтанахмет) Ыстамбұлда туристер көп жүретін орындардың бірі саналады. Бағжан таңғы уақыт болғанына қарамастан туристтер көп болғанын, ары-бері өткен адамдар видеоға түсіргенін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Бағжан Октябрь Қазақстанның ең әдемі жерлерінде виолончельмен түрлі шығармалар ойнап видео түсіргеннен кейін танымал болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, 10 тамызда Қазақстанда қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, ағартушы және композитор Абай Құнанбаев күні атап өтіледі. Жаңа мереке 2020 жылы бекітілген болатын. Ол кезде қазақтың ұлы ақынының 175 жылдық мерейтойы атап өтілді. 5 тамызда бұл күн ресми мерекелер тізіміне енгізілді.