15 қаң, 2021 сағат 11:44

Қазақстандық клуб бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

«Атырау» шағын футбол клубы бразилиялық шабуылшы Кельсон Винисиуспен келісімшартқа қол қойғанын мәлім етті, деп жазады "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Келсон Винисиус Франсиско Де Кампос — бразилиялық шабуылшы. 1993 жылы Бразилияда дүниеге келген. Қазіргі кезде Армения құрамасының азаматтық құқық берілген ойыншысы болып табылады. Өз мансабында клубтық дәрежеде Бразилия, Армения, Испания, Португалия және Францияда ойнап үлгерген. Кельсонның соңғы клубы – франциялық «Béthune Futsal». Армения кубогының иегері және «Leo Futsal» командасының құрамында Армения лигасының чемпионы.