25 жел, 2020 сағат 12:45

Қазақстандық бөлшек сауданы дамытуда қандай кедергілер бар?

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кешен департаментінің директоры Әсемгүл Нұрмағамбетова бөлшек сауданы дамытуда қандай кедергілер барын айтып берді.

«Бөлшек сауда нарығына шығудың негізгі кедергілері мыналар екенін атап өткен жөн: экономикалық кедергілер бар, атап айтқанда, сатып алу қабілетінің төмендеп, тұтыну бағаларының өскені байқалады. Жер учаскелерін алу рәсімінен басталатын әкімшілік кедергілер де бар. Бағаны реттеу тәртібі барын ескерсек, бізде ең жоғары бағаны мемлекет белгілейді», - деді Әсемгүл Нұрмағанбетова агенттіктің онлайн баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, ритейлді дамыту үшін келесі қадамдарды жасау керек:

- баға шектеуін алып тастау;

- тұтынушылар сұранысы тұрғысынан салыстырмалы ресурстар мен сауда желілерінің баға туралы ақпараттық міндеттемесі.

«Сонымен қатар, бизнесті тиімді түрде дамыту үшін қазақстандық бөлшек сауда компаниялары шетелдік тәжірибені үйренуі керек. Осылайша бұл салаға инновациялық кәсіпкерлік технологиялардың әлемдік тәжірибесі енгізілуі тиіс», - деп атап өтті Әсем Нұрмағанбетова.