29 қаз, 2020 сағат 18:01

Қазақстандық боксшылардың жаңартылған IBO рейтингіндегі орны белгілі болды

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) рейтингтегі барлық салмақ дәрежесі өкілдерінің жаңа орнын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

Назарларыңызға Қазақстан боксшыларының орнын ұсынамыз: 

Өте ауыр салмақта жұдырықтасатын Жан Кособуцкий IBO Inter-Continental чемпионы атағын сақтап қалды; Иван Дычко 70-тен 67-орынға көтерілді; Руслан Мырсатаев үш саты жоғарылап, 80-орынға жайғасты. 

Бірінші ауыр салмақта Али Балоев 80-орыннан 69-ға көтерілді; Еділ Қожамбердиев 92-ші болып үздік 100 боксшының қатарына қосылды. 

Екінші орта салмақ боксшысы Айдос Ербосынұлы бір саты жоғарылап, 17-ші болды; Нұрзат Сабыров 26-орыннан 27-ге төмендеді; Али Ахмедов 33-орында тұр (29-да еді). 

Орта дивизионда отандық боксшылар бір сатыға төмендеген: Қанат Ислам 14-ші болды; Мейірім Нұрсұлтанов – 21-ші, Жәнібек Әлімханұлы – 32-ші орынға түсті. IBO әлем чемпионы атағы Геннадий Головкинге тиесілі. 

Бірінші орта салмақ өкілі Садриддин Ахмедов 40-тан 39-орынға жоғарылады; Мадияр Ашкеев 66-ны сақтап қалды. 

Жартылай орта салмақ боксшысы Данияр Елеусінов 37-қатарда қалды, Нұрсұлтан Жаңабаев – 64-ші (-2), Бобиржан Момынов – 74-ші (-4) орында тұр. 

Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев бұрынғыша 8-ші орында тұр; Жанқош Тұраров 50-ден 48-ші қатарға көтерілді; Руслан Мадиев рейтингтің 97-ші орнында тұр.

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Виктор Коточигов 18 қатарға төмендеп, 58-ші орынға жайғасты. 

Екінші жартылай жеңіл салмақ рангі туралы табельде Сұлтан Зәуірбек бес орынға жоғарылап, 70-шы орында тұр.