Қазақстандық биатлоншылар Еуропада дайындығын жалғастырады, деп хабарлайды Қазақстан биатлоншылар одағы.
«Короновирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдыртпау, сондай-ақ жаңа жылдан кейін шетелге шығуға тыйым салу мүмкіндігін болдырмау үшін ҚР биатлоншылар ұйымы басшылығы Қазақстан құрамасын Еуропада қалдыру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар спортшыларға ұлттық виза беріліп Еуропада шексіз қалуға мүмкіншіліктері пайда болғаны туралы хабарлады. Бұл Словениядағы биатлон федерациясы мен Поклюка қ. биатлон базасымен орынды келіссөздердің жүргізілуі арқасындағы іске асқан ісшара болуда», - делінген одақ хабарламасында.
Құрама 20 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында оқу-жаттығу жиындарын өткізе алып,ол жерден тікелей Германиядағы Әлем кубогының келесі кезеңіне кедергісіз өте алады.
Біздің құрама алдағы ақпан айында словениялық Поклюка қаласында өтетін Әлем чемпионатына толыққанды дайындықтарын өткізе алады», - деді баспасөз қызметі.