09 шіл, 2018 сағат 16:15

Қазақстандық әскери тікұшақ Қырғызстанға көмекке аттанды

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандық әріптестерінен Ыстықкөл облысында тікұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін көмек сұрады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісіне Қырғыз Республикасы ТЖМ дағдарыс жағдайларын басқару орталығының басшысы Мұхаммед Сваров айтып берді.

«Қазақстан тарапы сұранысты қабылдады, көрші республиканың ІІМ тікұшақ жіберді. Құтқарушылар мінген әскери тікұшақ келе жатыр», - деді М. Сваров.

Еске сала кетейік, апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының бортында 15 адам, соның ішінде тоғыз турист болған. Олардың төртеуі зардап шеккен. Тікұшақ бүгін таңертең шұғыл қонуға мәжбүр болып, күшті жел салдарынан аударылып кеткен болатын.