Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы үздік боксшылардың жаңаланған рейтингін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Айта кетсек, ТОП-15-ке Қазақстанның бірден 5 боксшысы енді. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) – орта салмақтағы IBF чемпионы болса, 10-орында – Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО), 11-інші позицияда – Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО).
Ал 13-інші сатыға Анатолий Муратов (22-2-1, 15 КО) орналастырылған. Ол Германия атынан өнер көрсетіп жүргенімен, IBF сайтында ол Қазақстан азаматы ретінде көрсетілген. Себебі Муратов Талдықорғанда туған.
Рейтингінің 14-орнында Қанат Ислам (27-0, 21 КО) тұр.