10 қар, 2020 сағат 12:55

Қазақстанда жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмектер шығарылуда - Ерхат Есқалиев

Қазақстандағы өндірушілер сұранысы жоғары дәрі-дәрмекті шығара бастады. Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС-ның басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пандемияны ескере отырып, өз өндірісін максималды қуатқа және үш ауысымды жұмыс форматына бұрған біздің отандық тауар өндірушілерге алғысымды білдіргім келеді. Өндірушілердің дәрі-дәрмектері тікелей конвейерден ауруханаларға жөнелтіледі. Өндіріс аса сұранысқа ие препараттарға қайта форматталды. КВИ-ді емдеу үшін пайдаланылатын препараттардың 43 атауын (жартысын) отандық тауар өндірушілер шығарады», – деді Е. Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Осы орайда ол ҚР Үкіметі фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдағанын, бұл тұрғыда елдің дәрі-дәрмек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. 

«Отандық өндірісті дамыту үшін ынталандыру бағытында ТОП-50 БигФарманың ірі әлемдік фармацевтика индустриясымен, яғниPfizer, Bayer, Sanofi сияқты алыптармен өзара іс-қимылды дамыту ескерілген. R&D орталықтары үлгісіндегі ірі медициналық жоғары оқу орындарының ғылыми зертханаларын тарту, отандық ғылыми-зерттеу институттарын, сондай-ақ оларды еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда өрістету қарастырылған», - деді «СҚ-Фармация» басшысы.