Қазақстанда ұялы байланыс бір жылда 4,3 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы Ranking.kz сарапшыларының зерттеуінде айтылады.
Сарапшылардың мәліметінше, төрт айда ұялы байланыс операторлары 73,1 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен.
"Ұялы байланысқа қызмет көрсету көлемінің өсуі абоненттер санының өсуімен байланысты. Биыл көктемде үш ірі ұялы байланыс операторының екеуі - Tele-2 мен Beeline өздерінің қызметтерінің тарифтерін 10 пайызға дейін көтерді. Операторлар абоненттеріне қызмет бағасы қымбаттайтыны жайлы және мобильдік интернет-пакеттердің абоненттік төлемі өсетінін хабарлаған", - дейді сарапшылар.
Сондай-ақ, 2018 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша, ұялы байланыс абоненттерінің саны 26, 5 миллионға жеткені айтылады. Сарапшылардың айтуынша, былтыр бұл көрсеткіш 25,4 миллион болған. Олардың жартысынан көбі (50,5 пайызы) Интернетке қосылған.