Кейінгі жылдары сот талқылауына балам ретінде медиация балама ретінде жиі ұсынылатын болды. Бұл бірнеше жыл ішінде республикада да кең танымал болып келеді. Медиация институтын дамыту Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады, өйткені этносаралық келісімді қамтамасыз ету медиативтік міндеттермен тікелей байланысты екені мәлім, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Соған байланысты осы бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы қарқынды жұмыс істеп, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы шеңберінде, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларының кәсіби медиаторлар тобымен "Этномедиация" (этносаралық және мәдениетаралық даулардағы медиация) атты республикадағы бірінші әдістемелік құрал әзірлеп шығарды.
Авторлардың айтуынша, бұл әдістемелік құрал қоғамда болып жатқан жағдайлардың көрінісінен бұрын сондай жағдайларды болдырмау үшін алдын алу шараларына арналған.
"Расымен де қазіргі қоғамда әлеуметтік қақтығыстар көп факторлы сипатқа ие. Этникалық құрамдас бөлігі бар кез келген қақтығыста экономикалық, саяси, әлеуметтік және басқа да көптеген бәсекелестік бағыттар өзара байланысты екені анық", - деп мәлімдеді Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, "Этномедиация" (этносаралық және мәдениетаралық даулардағы медиация) атты республикадағы бірінші әдістемелік құралға оқырмандар үшін авторлар заңнамалық нормативтік құжаттарға, әдістемелік әдебиеттерге және қызықты ғылыми мақалаларға негізделген теориялық негіздерді де, практикалық қосымшаларды да дайындады.
Іс-шараға ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын, оқу құралының авторлары, медиация бойынша сертификатталған тренерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің, Медиация жөніндегі кеңесінің мүшесі, "Өзбек этномәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов, Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының татуластыру орталығының басшысы, "Zolotayaseredina – SM" ҚБ президенті Светлана Шардарбекова және облыстың қалалары мен аудандарының өкілдері қатысты.
Айта кетейік, Медиация дауларды баламалы реттеудің жаңа нысаны болып саналады, онда үшінші, бейтарап, жанжалға мүдделі емес тарап қатысады. Осы тарап ретінде дау немесе сот талқылауына қатысушыларға белгілі бір келісімді әзірлеуге көмектесетін медиатор әрекет етеді. Бұл ретте тараптар дауды реттеу жөнінде шешім қабылдау процесін және оны шешу шарттарын толық бақылайды.
Медиация азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастар, сондай-ақ ауыр емес және орташа қылмыстық істер бойынша дауларда қолданылады. Азаматтар да, заңды тұлғалар да медиацияға белсенді жүгінген кезде сот жүйесіне түсетін жүктеме едәуір төмендейді, осылайша неғұрлым ірі істерді шешу сапасы артады. Халықаралық статистикаға сәйкес барлық даулардың 30-40% медиация рәсімі арқылы өтеді, олардың 85%-ында оң нәтижелерге қол жеткізілген.
Қазақстанда "Медиация туралы" Заң 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Құжат ҚР медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы қарқынды жұмыс істеп, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы шеңберінде, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларының кәсіби медиаторлар тобымен "Этномедиация" (этносаралық және мәдениетаралық даулардағы медиация) атты республикадағы бірінші әдістемелік құрал әзірлеп шығарды.
Авторлардың айтуынша, бұл әдістемелік құрал қоғамда болып жатқан жағдайлардың көрінісінен бұрын сондай жағдайларды болдырмау үшін алдын алу шараларына арналған.
"Расымен де қазіргі қоғамда әлеуметтік қақтығыстар көп факторлы сипатқа ие. Этникалық құрамдас бөлігі бар кез келген қақтығыста экономикалық, саяси, әлеуметтік және басқа да көптеген бәсекелестік бағыттар өзара байланысты екені анық", - деп мәлімдеді Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі.