Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иван Кулеба украиналық телеарналарды ашуға қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстандағы украин диаспорасы өз елінің телеарналарын көре алмай жүр. Біз осы салада жұмыс істеп жатырмыз. Өкінішке қарай, қазіргі кезде Қазақстан жерінде украин тілінде бірде-бір арна, бірде-бір бағдарлама жоқ. Осыған байланысты мен кабельді желілердің иелеріне xат жолдап, бейтарап ұстанымы бар кез келген арнаны қосуды сұрадым. Ақпараттық арна болса да жеткілікті», - деді И.Кулеба журналистерге берген сұxбатында.
Елішінің сөзіне қарағанда, ресми мәлімет бойынша Қазақсанда 300 мың украин тұрады. Бірақ олардың саны одан да көп болуы әбден мүмкін.
«Біз Астанада мәдениет күндерін өткізуді көздейміз. Бұдан бөлек, астаналықтарға Тарас Шевченконың ескерткішін сыйлауды жоспарлап отырмыз», - деп атап көрсетті И.Кулеба.
Айта кетейік, бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады.
Сол жерде Мемлекет басшысы ел экономикасының дамуы туралы айтып берді.