ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашада жарияланған №787 қаулысына сәйкес елдегі барлық теміржол стансаларының атауы өзгертілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Құжат ҚР Әділет министрлігі Нормативті құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланған.
«Қазақстан Республикасының кейбір теміржол стансаларының аталуын өзгерту туралы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді», - деді.
Бірінші қосымшада 15 теміржол стансасы, Өскемендегі Защита - Өскемен-1, Лениногорск - Риддер, Қорғас стансасы - Алтынкөл деп аталады. Ал Тараз қаласындағы теміржол стансасы Жамбыл емес, Тараз деп аталатын болды.
Екінші қосымша бойынша стансалардың айтылуы мен жазылуы өзгеретін болды. Атап айтқанда, билеттерде «Алма Ата 1» және «Алма Ата 2», Семипалатинск, Чу, Талды-Курган, Манғышлақ стансалары Алматы-1, Алматы-2, Семей, Шу, Талдықорған, Маңғыстау деп көрсетілетін болады.
Қаулының толық мәтіні мына сілтеме арқылы танысуға болады.