30 шіл, 2019 сағат 12:38

Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады

Қазақстанда теле және радио хабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы телерадио хабар тарату жөніндегі ұлттық оператордың ресми сайтында хабарланды.

Телеарналар мен радиолар сәрсенбі, 31 шілде күні жоспарлы профилактикалық жұмыс өткізілуіне байланысты өшіріледі. Тиісті жұмыс Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша түнгі 03:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жүргізіледі.

"Жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Цифрлық, аналогтық теле және радио хабар тарату желісіндегі құрал-жабдық тексеріледі", - делінген хабарламада.

Сапалы хабар тарату үшін мұндай жұмыс тоқсан сайын жүргізіледі. Ол жоспар бойынша 17 шілде күні өткізілуі тиіс болатын. Алайда Қазтелерадио бір күн қалғанда уақыттың шегерілетінін хабарлады.