11 қыр, 2020 сағат 11:10

Қазақстанда таңбалауға жататын темекі өнімдерінің тізімі бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына сәйкес таңбалануға жататын тауарлар тізімі бекітілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңбалауға жататын темекі өнімдерінің тізімін мына сілтемеден көруге болады. 

«2020 жылғы 1 қазаннан бастап көтерме сауданы жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерін қоспағанда бөлшек сату кезінде таңбаланған тауарларды айналымнан міндетті түрде шығарып отыру керек», - делінген қаулыда. 

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауар айналымына барлық қатысушылар үшін таңбаланған тауарлардың қадағалануы туралы құжаттардың міндетті үзіндісі болуы тиіс.

Еске сала кетсек қазан айынан бастап, темекі өнімдері міндетті түрде таңбалануы керектігі хабарланған еді. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бұл шаралар нарықтың ашықтығы мен тұрғындарды жасанды өнімдерден, әсіресе, денсаулыққа зиян контрафактіден сақтауға арналып отыр.