10 қыр, 2020 сағат 07:55

Қазақстанда сүт безі обырын ерте диагностикалау әдісі әзірленуде

Қазақстанда сүт безі обырын ерте диагностикалау әдісі әзірленуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР БҒМ Ғылым комитетіне қарасты М.Айтқожин атындағы Молеккулярлық биология және биохимия институтының құрылымдық және функциналды геномика зертханасында акаедмик Нағима Айтқожинаның басшылығымен ғылыми қызметкер Елдар Әшірбековтің тобы микроРНҚ (рибонуклейлі қышықыл) негізінде сүт безі обырын ерте анықтау әдісін әзірлеп жатыр», - делінген Ғылым комитетінің ақпаратында. 

Ведомство мәліметінше, бұл жұмыстың ерекшелігі алғаш рет ғалымдар қазақ әйелінің микроРНҚ профилінің ерекшелігін зерделеуі үсінде. 

«Зерттеу барысында екі маркер табылды. Олардың көмегімен дәрігерлер келешекте сүт безі обырын ерте сатыда жоғары деңгейдегі дәлдікпен анықтай алады. Бұл болашақта аурудан өлім-жітімнің төмендеуіне септігін тигізеді», - деді комитет.