23 қаз, 2020 сағат 15:13

Қазақстанда судьялар қанша жалақы алады?

ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов аудандық, облыстық және Жоғарғы сот судьялары қанша жалақы алатындығын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстанда аудандық, облыстық және Жоғарғы сотты қоса алғанда 2 684 судьялық бірлік қарастырылған. Бірақ, қазіргі таңда 2 400-і нақты жұмыс істейді. 14 пайыз бос орын бар», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Сонымен қатар ол аудандық және облыстық судьялардың жалақылары қанша екендігін де атап өтті. 

«Жалақыларына қатысты ешқандай құпия жоқ. Жалпы, еңбекақы аудандық деңгейдегі судьяларда орташа есеппен алғанда 400-500 мың теңгенің төңірегінде. Ол - жұмыс өтіліне байланысты. Ал облыстық деңгейде - 600-700 мың, Жоғарғы сотта 800-900 мың теңгенің төңірегінде болып отыр. Судьялардың еңбек өтіліне байланысты жалақыларында айырмашылық болуы мүмкін»,  деді Айдос Сәдуақасов.