Қазақстан аумағындағы шомылуға тыйым салынған және рұқсат етілген орындардың тізімін 2GIS картографиялық платформасынан көруге болады, хабарлайды ҚазАқпарат.
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, су айдандарының қай бөлігінде суға шомылу рұқса етілгенін интернеттен 2GIS платформасына кіріп-ақ білуге болады.
«2GIS картографиялық платформасында еліміздің барлық өңірлерінде су айдындарында шомылуға тыйым салынған және рұқсат етілген орындар туралы деректер орналастырылған. Әкімдіктердің сайттарында да осындай жұмыстар жүргізілді, БАҚ құралдары арқылы шомылу үшін қауіпті, тыйым салынған орындар туралы деректер мерзімді түрде орналастырылады», - деді комитет басшысы орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингіде.
Бауыржан Сыздықов шомылу басусымы басталған кезден бері құтқарушылардың 4,6 мыңнан астам баланы жүзуге үйреткенін айтады.
«Қалалық жағажайларда шомылуға арналған қауіпсіз балалар жағажайлары (таяз сулар) жабдықталған. Онда құтқарушылар шомылу маусымының барлық кезеңінде балаларды жүзу дағдыларына үйрету бойынша жұмыс жүргізеді. Бүгінге дейні 4 625 бала қамтылды», - дейді ТЖМ өкілі.