12 жел, 2020 сағат 09:55

Қазақстанға шет мемлекеттерден 314 жолаушы ПТР анықтамасыз келген

Қазақстанға шет мемлекеттерден ұшақпен келген жолаушылардың 84% астамы ПТР-анықтамаларымен келген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап. 

2020 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, Түркия, БАӘ, Ауғанстан, Ресей, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

2 039 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 725 адам, анықтамасыз 314 адам - ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 629 жолаушы, анықтамамен - 576; анықтамасыз - 53;

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 409 жолаушы, анықтамамен - 1 148, анықтамасыз - 261;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.