10 ақп, 2021 сағат 18:00

Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіруге қанша қаражат бөлінді?

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіруге қанша қаражат бөлінгені туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қарағандыда вакцина өндіруге 15 миллиард 175 миллион теңге бөлінді. Жалпы ресейлік вакцинаға 18 миллиард теңге бөлу жоспарланған», - деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілші сұрағына. 

Вакцинаның бірінші партиясы Қазақстанға екі доза үшін 26 доллар бағасымен жеткізілген.

«Біз Ресей аумағынан тыс жалғыз эксклюзивті жеткізушіден – тікелей инвестициялар қорынан ресми хат алдық, онда бағаны төмендету мәселесі қайта қаралуы мүмкін екені жазылған. Бәрі өнімнің жаппай шығарылуына байланысты, қазіргі уақытта ол 26 доллар тұрады», - деді Алексей Цой.