Қазақстандық тасымалдаушылар пойыз билеттерінің қымбаттайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап билет бағасын қымбаттатуды жоспарлап отыр. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті 2017 жылдың 27 қарашасында жолдаған № 28-01-28/16308 хатының негізінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтің 7 пайызға көтерілетінін хабарлаймыз", - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері.
Тарифтер мына бағыттар бойынша көтеріледі:
- № 085/086 хабарлама бойынша "Астана-Сарыағаш";
- № 021/022 хабарлама бойынша"Қызылорда-Семей";
- № 313/314 хабарлама бойынша "Атырау-Маңғыстау";
- № 339/340 хабарлама бойынша "Павлодар-Пресногорьковск";
- № 373/374 хабарлама бойынша "Алматы-Жезказған";
- № 603/604 хабарлама бойынша "Астана-Арқалық";
- № 377/378 хабарлама бойынша "Алматы-Маңғыстау";
- № 085/086 хабарлама бойынша "Қарағанды-Сарыағаш";
- № 021/022 хабарлама бойынша "Алматы-Семей";
- № 22/6941/6942/21 хабарлама бойынша "Алматы-Достық";
- № 339-55/56-154 хабарлама бойынша "Павлодар-Қызылорда";
- № 085/086 хабарлама бойынша "Карағанды-Сарыағаш";
- № 021/022 хабарлама бойынша "Алматы-Семей";
- № 22/6941/6942/21 хабарлама бойынша "Алматы-Достық";
- № 339-55/56-154 хабарлама бойынша "Павлодар-Қызылорда".
Өз кезегінде "Турксіб-Астана" ЖШС директоры Владимир Рожко бағыттардың біреуіне тарифті жоғарылату туралы жоспарын айтты.
"Бізде "Қостанай-Алматы" бағытындығы ғана пойыздың бағасы үш пайызға қымбаттайды", - деді ол.