ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП-мен және отандық тауар өндірушілермен талқылау қорытындысы бойынша қорғаныш маскаларына 40 теңге, бір реттік медициналық маскаларға 60 теңге мөлшерінде шекті бөлшек сауда бағасын белгіледі», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте маска бағасын төмендетуді тапсырған болатын.