ҚР Әділет министрлігі маска тағу режимін бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын төмендету мүмкіндігі туралы әлеуметтік желідегі мәліметке жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабында көзделген маска кию режимін бұзғаны үшін қолданыстағы айыппұл санкциялары өз күшінде, мемлекеттік органдар оның мөлшерін азайтуды талқылап жатқан жоқ», - делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.
Еске сала кетсек, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар көшеде маска тағып жүруге міндеттелді. Бұл туралы елдің Бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған.