14 нау, 2024 сағат 16:24

Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-лар тексеріліп жатыр


Қаржы мониторинг агенттігі заңсыз есеп қойылған көліктер бойынша 2023 жылғы тамыз айынан бастап 23 қылмыстық іс тіркелгенін, мемлекетке келтірілген залал 14 млрд теңгеден асқанын мәлімдеді. 

ҚМА төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы бойынша еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-да төлемдердің дұрыс жүргізілгенін тексеру мақсатында жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығын тексеру жүргізілуде.

ҚМА бастамасымен алдын алу жұмыстары аясында агенттік, Цифрлық даму министрлігі және "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ өкілдерінің жүк көліктері мен автобустарды есепке заңсыз қою фактілерінің алдын алу шараларын талқылады.

Кездесу барысында бүгінгі таңда алаяқтар қолданған 4 негізгі схема туралы айтылды.

ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мұндай кездесулер алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтарға қарсы тұрудың бірлескен тетіктерін әзірлеу мақсатында өткізіліп жатқанын атап өтті.

"Қылмыстық жауапкершілік шаралары ғана мәселені шеше алмайды. Болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық мүдделі тараптарды тыңдау қажет. Біздің басты міндетіміз – алдын алу шараларын жүргізу", - деді Бижанов.


Цифрландыру вице-министрі Асқар Жанбакин өз кезегінде ақпараттық жүйелердің толық интеграциясы жүргізілгенін хабарлады, бұл VIN енгізу кезінде авто туралы барлық деректі автоматты түрде ақпараттық жүйеден тартуға және төленуге жататын алымдар мен төлемдерді есептеуге мүмкіндік береді. 

"Жүйені жаңарту ХҚКО қызметкерлерінің автокөлік туралы деректерді "қолмен" енгізудің жолын кеседі. Атап айтқанда, 2023 жылдың тамыз айынан бастап ҚМА 23 қылмыстық іс тіркелді, аталған істер бойынша 3 мыңға жуық автокөлік өтуде. Мемлекетке келтірілген залал 14 млрд теңгеден асты", - делінген хабарламада.