Елдің барлық өңіріндегі Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын уақытша тоқтатты. "Ұлт ақпарат" бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның ақпараттық жүйелері арасында іркіліс болды. Салдарынан ел бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары тұрғындарға қызмет көрсете алмай, жұмысын уақытша тоқтатты. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары жүйедегі ақауды жоюды жалғастыруда. Жұмыстар қалпына келтірілгені жөнінде қосымша хабарлайтын боламыз», - делінген таратылған ақпаратта.